Таразда күзгі екі айлық жалпықалалық сенбілік басталды
Таразда күзгі екі айлық санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары басталды. Жалпықалалық сенбіліктің негізгі жұмыстары Ұлы Дала мөлтек ауданындағы Үшбұлақ каналының бойында ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен алғашқы жалпықалалық сенбілікке бес мыңға жуық адам қатысып, қала аумағынан 150 тонна қоқыс шығарылды.