Негізгі Жаңалықтар 3 қыркүйек–қазақы тазы күні

3 қыркүйек–қазақы тазы күні

3 қыркүйек – қазақ халқының ғасырлар бойы серігі болған, ұлттық аңшылық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған тазы күні. Тазы – қазақ даласында көшпенділермен бірге ғұмыр кешіп, аңшылықта сенімді серік болған ерекше тұқымды ит. Ол халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінде айрықша орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық құндылықтардың біріне айналды. 

Бүгінде ұлттық тұқымды сақтап, көбейтуге ерекше мән берілуде. Мамандардың айтуынша, тазы тұқымын дамыту ең алдымен оны өсіріп, баптайтын иелердің жауапкершілігіне байланысты. Қазақтың жеті қазынасының бірі саналатын тазы ғасырлар бойы көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан. Жүйріктігі мен төзімділігі үшін жоғары бағаланған бұл ит аңшылықта сенімді серік болған.Ата-бабаларымыз тазының көмегімен түрлі аң аулап, оны отбасы үшін бағалы дүние санаған. Тазы тек шаруашылықта ғана емес, қазақтың дәстүрі мен мәдениетінде де ерекше орын алған.

Бөлісу