Негізгі Жаңалықтар Жамбыл жастары есірткісіз болашақты таңдады

Жамбыл жастары есірткісіз болашақты таңдады

Облыста «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «BOLASHAQ JASTAR QUATY – 2026» жастар іс-шарасы өтті. Оған өңірдің әр аумағынан 150-ден астам жас келді.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық орталығының қызметкерлері қатысты. Мамандар есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздестіру және құқық бұзушыларды ұстау кезіндегі қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсетті. Көрсетілім жастардың ерекше қызығушылығын тудырып, оларға кинологиялық қызметтің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсіндіру және жас ұрпақты дұрыс әрі жауапты таңдау жасауға шақыру.

Бөлісу