Шомылу маусымы аяқталды
Жамбыл облысында шомылу маусымы аяқталды. Жаз бойы құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті бақылауда ұстап, рейдтер жүргізіп, тұрғындарға ескерту жұмыстарын күшейтті. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі мен рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың алдын алуға басымдық берілді. Атқарылған шаралар қаншалықты нәтижелі болды? Құтқарушылар қандай қауіптердің алдын алды және судағы қауіпсіздікке қатысты қандай мәселелер әлі де өзекті?