Жаңа оқу жылы – жаңа қадам, жаңа арман
Жаңа оқу жылы – жаңа қадам, жаңа арман. Бүгін Жамбыл облысында мыңдаған бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Нақтырақ айтсақ, өңірде 22 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Солардың қатарында Тараздағы №1 гимназияның табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер де бар. Білім ордасында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы салтанатты түрде соғылды.