«Келешек» мектебінде алғашқы қоңырау соғылды
1 қыркүйек – Білім күні. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы Тараз қаласындағы №67 «Келешек» жалпы орта білім беретін мектебінде де салтанатты түрде соғылды. Білім мерекесіне қала әкімі арнайы қатысып, ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.