«38. Соңғы нүкте» фильмі экранға шығады
«38. Соңғы нүкте» фильмі 3 қыркүйектен бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі. Драмалық фильм- катастрофа 2023 жылғы Семей орманындағы қайғылы оқиғадан шабыт алған. Туындыда жойқын өрттің ортасында қалған орманшылардың тағдыры баяндалады. Апат олардың өмірін күрт өзгертіп, қиын сәтте маңызды таңдау жасауға мәжбүрлейді.