Негізгі Жаңалықтар 600 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

600 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полицейлері бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға ҚР ІІМ қызметкерлері, №5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы жасағы және полиция департаментінің кинолог мамандары қатысты. Жұмыстар облыс прокуратурасының үйлестіруімен өтті.

Есірткі заттарын іздеуге «Летта» атты қызметтік-із кесуші ит жұмылдырылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қонаев ауылынан шамамен 10 шақырым жердегі құмды аумақта полицейлер үш ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар есірткі құрамдас өсімдіктерді аса ірі көлемде заңсыз жинаумен айналысқан.Аумақты тексеру кезінде полицейлер 595 келі 440 грамм есірткі заттары мен құрамында есірткісі бар өсімдіктерді анықтап, тәркіледі. Сондай-ақ өсімдіктерді жинауға пайдаланылған болуы мүмкін үш орақ алынды.Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар