Зейнетақы жинағын инвестициялық компанияға салуға болады
Енді зейнетақы қорындағы қаржыны түгел инвестициялық компанияларға салуға болады. Тиісті өзгеріс әлеуметтік кодексіне 7-ші қыркүйектен бастап енеді. Бұл туралы Бірыңғай зейнетақы қоры мәлімдеді. Енді қазіргідей зейнетақы жинағының 50 пайызын емес, 100 пайызын инвестициялық компанияларға сала аласыз.