Негізгі Жаңалықтар Ауылдағы мәдениет үйлері жаңғыртудан өтті

Ауылдағы мәдениет үйлері жаңғыртудан өтті

Талас ауданында ауыл тұрғындары үшін маңызды екі әлеуметтік нысан жаңғыртудан өтті. Үшарал мен Ойық ауылдарындағы мәдениет үйлері ел игілігіне берілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жаңарған мәдениет ошақтары енді ауыл тұрғындарының рухани және мәдени қажеттілігін өтеуге қызмет етпек. Салтанатты шараларға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысып, жұртшылықты қуанышты сәтімен құттықтады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар