Жастар ұлттық өнерді дәріптеді
Ел ертеңіне әсер ететін маңызды таңдау күні Таразда ерекше көңіл-күймен өрбіді. №84 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындарды ұлттық киімдегі жастар ән-жырымен қарсы алып жатыр. Ұлттық нақыштағы бұл көрініс сайлау учаскесіне келген жұрттың назарын аударып, күннің ерекше өтуіне себеп болды.