Негізгі Жаңалықтар Танымал палуан сайлауда өз таңдауын жасады

Танымал палуан сайлауда өз таңдауын жасады

Гір тасын көтеру, шахмат ойнау, арқан тарту сынды спорттық әрі зияткерлік сайыстар ұйымдастырылған №494 сайлау учаскесінде танымал қазақстандық палуан да өз таңдауын жасады.

Еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы Мейіржан Әшіров сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ел бірлігі мен болашағы үшін маңызды күнде спортшы азаматтық белсенділіктің маңызын атап өтіп, ел ертеңіне сенім білдірді. Айта кетейік, №494 сайлау учаскесінде 35 жас сайлаушы тіркелген. Олардың үшеуі бүгін алғаш рет дауыс берді. Жас азаматтар үшін бұл - елдің қоғамдық-саяси өміріне алғаш рет араласқан маңызды қадам.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар