Құрылтай сайлауы - жаңа саяси дәуірдің бастамасы
Маңызды саяси науқанға ел тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен билік өкілдері де солардың қатарында.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді. Үкімет басшысы ел азаматы ретінде өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауын жасады. Оның айтуынша, жаңа заң шығарушы орган елдегі саяси реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етуі тиіс.