БАҚ өкілдері азаматтық ұстанымын білдірді
Ел өміріндегі саяси маңызды күні ақпарат таратып, қоғамды жедел әрі объективті ақпаратпен қамтып жүрген БАҚ өкілдері де өз азаматтық таңдауын жасады.
Солардың қатарында «JAMBYL» телеарнасының директоры мен ұжым қызметкерлері бар. Олар №498 сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.№498 сайлау учаскесінде барлығы 1667 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жеті азамат бар. Сайлау учаскесінде барлық азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай қарастырылған.