Жамбылдағы 520 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы өтуде
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау үшін Жамбыл облысындағы 520 сайлау учаскесінің есігі таңғы уақыттан бастап сайлаушыларға айқара ашылды. Оның 499-ы – азаматтардың тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша жұмыс істейтін ашық учаскелер болса, 21 сайлау учаскесі азаматтардың уақытша болатын орындарында ұйымдастырылған. Сайлау процесін ұйымдастыруға 12 аумақтық және 520 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Олардың құрамында 3 мың 702 комиссия мүшесі бар. Барлығы екі кезең бойынша арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін тестілеу арқылы растаған. Таңғы сағат жетіде өзінің тіркелген 46-ші учаскесінде бірінші боп дауыс берген Жамбыл облыстық аумақтық сайлау учаскесінің төрағасы Серғали Айдапкелов өңірдегі сайлау барысы туралы баяндады.