Жол инфрақұрылымын қайта жаңғырту
Таразда жол инфрақұрылымын жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазір мамандар қаладағы 42 көшеге асфальт төсеп, жөндеуді қажет ететін учаскелерде шұңқырларды қайта жамауда. Осындай учаскелердің бірі – 1 және 2-шағынаудандар арқылы өтіп, Әл-Фараби көшесін Төле би даңғылымен байланыстыратын Қ. Тұрысов көшесі.