«Назар аударыңыз! Қауіпті жүк»
Қауіпті жүк тасымалдайтын көліктерге бақылау күшейді. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолында рейд өтіп, арнайы көліктер тоқтатылып, тасымалдау талаптарының сақталуы тексерілді. Мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қауіпті жүк тасымалы кезінде болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу.