Таразда 62 тұрғын үй салынуда
Таразда тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары қарқын алып келеді. Соңғы үш жылда қалада 52 көпқабатты үй салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 1128 пәтер сатып алынды.