Шекара шебіндегі қаһармандар
Адам мұрны сезбейтін есірткінің ізін тауып, жарылғыш затты үнсіз-ақ «сездіріп» қоятын төрт аяқты сақшылар шекара шебінде күн сайын қауіпті сейілтіп жүр. Жамбылдық «Скани» үшін бұл жай ғана жаттығу емес -оның көмегімен 32 келі есірткінің жолы кесілген. Шені жоқ, қаруы жоқ, бірақ қырағылығы талай сарбаздан кем түспейтін, қызметтік иттер. Бүгін - 18 тамыз, шекарашылар күні. Ел шебін күзеткен жауынгерлермен бірге олардың төрт аяқты серіктерінің де кәсіби мерекесі.