Қайтарылған қаржы игілікке жұмсалды
Қайтқан қаржы – халыққа қайырлы іске. Жамбыл облысында заңсыз активтерді мемлекетке қайтару нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан өңірдегі медицина саласын дамытуға және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға 20 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған.