2027–2029 жылдарға арналған бюджет жоспары талқыланды президент әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетуді тапсырды
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет жоспары талқыланды. Президент биыл экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, республикалық және жергілікті бюджеттердің тепе-теңдігін сақтауды тапсырды. Сондай-ақ, аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет және спорт нысандарының құрылысын жеделдету қажет екенін айтты.