Түнгі рейд
Облыс аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара аясында Меркі ауданында полиция бөлімі, аудан әкімдігі, білім бөлімі және Жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен түнгі рейд ұйымдастырылды.