666 мың тонна астық қамбаға құйылды
Жамбыл облысында биыл 654 мың 900 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артық. Қазір өңірде егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл шаруалар жоғары өнім алуды көздеп отыр.