Президент бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Бүгін Президент Қасым-жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында қаламы қарымды жазушы, қылқалам шебері, өмірін өнерге арнаған шығармашылық иелері, мемлекеттік қызметкер мен ауыл шаруашылығы саласының еңбеккері де бар. Президент Ақорда төрінде ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан мәртебелі жандарға алғысын білдірді.