Негізгі Жаңалықтар Бастауыштағы бағалау: Жаңа оқу жылында не өзгереді?

Бастауыштағы бағалау: Жаңа оқу жылында не өзгереді?

Бастауыш оқушысы енді әр тоқсан сайын БЖБ мен ТЖБ тапсырып, баға үшін алаңдамайды. Жаңа оқу жылынан бастап кіші сыныптарда жиынтық бағалауға қатысты талап өзгереді. Бұған ата-аналар мен мұғалімдердің өтініші себеп болса, Ұлттық білім академиясының сараптамасы БЖБ мен ТЖБ баланың білімін толық көрсете бермейтінін анықтаған. Ата-аналардың дені бұл шешімді қолдап отыр. Енді бастауышта басты назар бағаға емес, баланың білімді қаншалықты меңгергеніне аударылмақ.


Бөлісу