Мемлекеттік қызмет QazTech жүйесіне көшіріледі
Мемлекеттік қызмет тұтастай Қаз тех жүйесіне көшіріледі. Соның арқасында халыққа қызмет көрсету орталығында енді техникалық ақау мүлде болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Бүгінде еліміз электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызынан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Тұрғындар бір жылда оларды 51 миллион мәрте пайдаланған. Былтыр тамыз айында eGov Mobile қосымшасында AI интеллектуалды іздеу жүйесі іске қосылды.