Заманауи полиграфия – сұранысқа сай қызмет
Заманауи полиграфия – қазіргі сұранысқа ие қызметтің бірі. Меркі ауданында осы саланы дөңгелетіп, кәсіпкерлікті дамытып жүрген жан бар. Бес жылдан бері жарнама және полиграфия саласында табысты еңбек етіп келе жатқан Тимур Заурбаевтың тапсырыс берушілерінің саны артып келеді.