Полицейлер 123 келі есірткіні сатпақ болған тұрғынды ұстады
«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Дельта Долина» ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің жасақтарымен бірлесіп, Шу ауданы Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта есірткі өсімдіктерін жинап жүрген азаматты анықтады.