Балағат сөздер айтқан азамат 5 тәулікке қамалды
«TikTok» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті. Тексеру барысында «Тау адам» лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғынына тиесілі екені анықталған. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.