Таразда құрылыс қарқынды
Тараздың келбеті күн санап жаңарып келеді. Қаланың әр бөлігінде құрылыс крандары тізіліп, тұрғын үйлердің қабырғасы қалануда. Тек жаңа нысандар ғана емес, оған қажетті инженерлік инфрақұрылым да қатар жүргізілуде. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған осы жұмыстардың артында әлбетте, құрылысшылардың қажырлы еңбегі жатыр. Биылдың өзінде облыс орталығында 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалану жоспарланған.