«Ұлы даланың дана ақыны – Абай»
Ұлы Абайдың мұрасы – халқымыздың жүрегінде мәңгілікке орын алған рухани қазына. Осы рухани мұраны ұлықтау мақсатында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА АҚЫНЫ – АБАЙ» атты әдеби ән-сазды кеш өтті. Ақынның туған күн қарсаңында ұйымдастырылған кеште қара сөздері, өлеңдері мен әндері ұлықталды. Сондай-ақ, кітап көрмесі мен жәрмеңкесі өтті.