Негізгі Жаңалықтар «Атлахтан Қозыбасыға дейін» тарихи-рухани экспедициясы

«Атлахтан Қозыбасыға дейін» тарихи-рухани экспедициясы

Жамбыл облысында тарих пен тағылымды тоғыстырған «Атлахтан Қозыбасыға дейін» тарихи-рухани экспедициясы басталды. Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы ұйымдастырған сапардың алғашқы нүктесі – Атлах. Экспедиция құрамында тарихшылар, археологтар, этнографтар мен зиялы қауым өкілдері бар. Олар өңірдегі тарихи орындарды аралап, ел жадында сақталған аңыз-әпсаналарды зерделеп, көне мекендердің мәні мен маңызын нақты деректермен сабақтастырмақ.


Бөлісу