Негізгі Жаңалықтар Тараз қалалық бюджетіне өзгерістер енгізілді

Тараз қалалық бюджетіне өзгерістер енгізілді

Тараздағы кейбір нысандардың құрылысына қосымша қаражат қажет. Билік басындағылар бүгін осы мақсатқа облыстық қазынадан бөлінген 1 млрд. 796 млн теңгенің нақты қайда жұмсалатынын тәптіштеп айтып берді. Оның ішінде ауқымдысы – біраздан бері бұқараның басты мәселесіне айналған кәріз суларын тазарту қондырғысының жобалық сметалық құжаты. Оны әзірлеуге 475 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.


Бөлісу