12 тамыз – Халықаралық жастар күні!
Бүгін – Халықаралық жастар күні. Бүгінде Жамбыл облысында 357 мыңнан астам жас бар. Бұл – өңір халқының 29,2 пайызы. Яғни, әрбір төртінші тұрғын – жастар. Олардың білім алып, еңбекке араласуы, жаңа бастамалар көтеріп, қоғам өміріне белсенді қатысуы үшін өңірде түрлі жобалар мен қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді. Ал сол бастамаларды жүзеге асыруға бағыт-бағдар беретін негізгі алаңдардың бірі – «жастар ресурстық орталықтары».