Спорт күніне орай облыстық спартакиада өтті
Спорт күні қарсаңында «Тараз-Арена» спорт кешенінде спорт саласының қызметкерлері арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен жарысқа спорт ұйымдарының мамандары қатысты. Қатысушылар спорттың бес түрінен өзара бақ сынасып, шеберлік пен ептіліктерін, ұйымшылдық пен командалық рухтарын көрсетті.