Негізгі Жаңалықтар Тұрғындар баспанасы тегін жөнделіп жатыр

Тұрғындар баспанасы тегін жөнделіп жатыр

Таразда көпқабатты үйлер жаңаруда. Кезінде шатырынан су ағып, қабырғасы қақыраған үйлер қазір адам танымастай өзгерген. Ең қызығы, бұған бұқарадан көк тиын да жиналмапты. Бас-аяғы 36 үйді әкімдік бюджеттен артылған қаржыға жөндеп жатыр. Былайша модернизация үшін соңғы 3 жылда 3,3 млрд теңге жаратылған. Әзірге жоба аясында шаһар орталығындағы 4 көшенің көпқабатты үйлері кірген. Қала билігі келер жылы тағы 2 көшедегі 7 ескі үйді жаңартпақ. Айта кетейік, бұған дейін шаһарда модернизация үшін бюджеттік мүмкіндік болмаған еді. 60 жыл бойы жөндеу көрмеген үй тұрғындары құрылысшыларға өздері де асарлатып қолқабыс етіп жүр


Бөлісу