Жаңа спорт кешені ашылды
Нұрлыкентте жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Ауыл балалары енді заманауи залда жаттығып, спорттық шеберлігін шыңдай алады. Жалпы құны 456 миллион теңгеге жуық нысанда әмбебап спорт залы, киім ауыстыратын және душ бөлмелері бар. Бір ауысымда 15 адам жаттыға алады. Бүгін аймақ басшысы ауылға арнайы барып, спорт кешенінің лентасын салтанатты түрде қиды.