Оқушыны мектепке дайындауға қанша қаржы керек?
Жаңа оқу жылының басталуына тура 19 күн қалды. Баладан бұрын мектепке әзірлікті ата-ана қызу бастады. Арзан киім, құрал-жабдық іздеп, жер-жерде өтіп жатқан жәрмеңкелерді жағалап жүр.
Қарбалас. Бағаға талас. Базарға кіргеннен-ақ көзге түсетіні - тауардан бұрын сауда қызуы. Көк дәптердің өзі 25-30 теңге, қаламсап 100, ал қарапайым қалам 50-60 теңгеден басталады. Ал жейде мен белдемшенің бағасы сапасы мен сәніне қарай сан құбылып, әр сөре өз «бағасын» ұсынып тұр.