Сайлауға 10 күн қалды
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын. Дауыс беру күніне небәрі 10 күн қалды. Қазір саяси додаға түсетін 7 саяси ұйым кандидаттары өңірлерді аралап, электоратпен кездесу өткізіп жатыр. Өздерінің тұғырнамасын таныстырумен шектелмей, тұрғындардың ұсыныс-тілектері мен мәселелеріне құлақ түріп жүр.