Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің спартакиадасы
Кәсіби мереке – Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде дәстүрлі спартакиада өтті. Спорттық шара мемлекеттік кірістер саласының өкілдерін біріктіріп, командалық рух, тартысты бәсеке мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Соынмен қатар, сала үздіктері кәсіби мереке аясында марапатталды.