Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Салатанатты рәсімге Молдова, Вьетнам, Корея Республикасы, Словакия, Германия, Оңтүстік Африка Республикасы, Әзербайжан, Словения және Намибия елінің жаңадан тағайындалған дипломаттары қатысты.