Ауылды әнге бөлеген көңілді кеш
Ауыл – берекенің бастауы, бірліктің алтын бесігі. Осыны айшықтаған «Ауыл кеші көңілді» мәдени шарасы Шу ауданында жалғасын тапты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын кеш биыл аудан орталығынан алыстап шалғай елді мекендерден бастау алды.