Құрылтайдың құзыреті кеңейе түседі
Бір палаталы Құрылтайдың құзыреті кеңейеді. Егер депутаттардың бестен бірі бастама көтерсе, Үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ Президент ұсынған Премьер-министр, Вице-президент, Конституциялық Сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының келісімі арқылы ғана тағайындалады. Жалпы жаңа заң шығарушы органда 145 мандат болып, депутаттар пропорционалды жүйемен 5 жылға сайланады. Бұл жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуына ықпал етіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады,-дейді мамандар.