Президент дарынды оқушыларды марапаттады
Биыл еліміздің оқушылары 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам жүлде жеңіп алды. Соның 200-ден астамы алтын медаль. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы білім бәйгесінде топ жарған оқушылармен және студенттермен кездесті. Президент дарынды жастарды жарқын жеңістерімен құттықтап, ел абыройын асқақтатқан еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың қабілетін шыңдап, сапалы білім берген ұстаздар қауымына алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды дарынды жастардың елі деп атап, өскелең ұрпақтың түрлі салада, әсіресе білім мен ғылымда үздіктер қатарынан көрініп жүргеніне тоқталды. Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін мемлекет алдағы уақытта да барынша жағдай жасайтынын жеткізді. Кездесу барысында Президент кешегі Құрылтай сайлауының қорытындысына да тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, сайлау мінсіз ұйымдастырылып, сәтті өтті.