Сүт өнімдерін өндіретін цех ашылды
Талас ауданында сублимацияланған сүт өнімдерін өндіретін жаңа цех іске қосылды. Заманауи өндіріс орны жергілікті сүтті қайта өңдеп, сақтау мерзімі ұзақ әрі сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашып отыр.