Көлік саласы цифрланып, транзит көлемі артады
Премьер министр Олжас Бектенов автожол, теміржол және авиация салаларында енгізіліп жатқан заманауи цифрлық шешімдермен танысты. Елімізде аталған салаларды цифрландыру жұмыстары қарқын алып келеді. Мәселен, автожол бағытына жасанды интеллектпен жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр. Ол заңбұзушылықтарды анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта авиацияда жолаушыларды жылдам тексеретін және шетелдік туристерге электрондық рұқсат беретін жүйелер қолданылса, теміржолда пойыздар мен вагондардың техникалық жағдайын қашықтан бақылау мүмкіндігі пайда болады. Бұдан бөлек, алдағы үш жылда 2 мың 200 шақырым жаңа теміржол салып, транзит көлемін 77 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған.