Жаңа кітапхана ашылды
Сұлутөр алабында су жаңа кітапхана ашылды. Бір қызығы бұрынғы әкімдік ғимаратын мамандар қайда жаңғыртып, әлеуметтік нысанға айналдырған. Жалпы енді алап тұрғындар онда кітап оқып қана қоймай, компютерлік сауатын жетілдіріп, әртүрлі үйірмелерге қатыса алады. Бүгін салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шаһар басшысы мен ақсақалдар лентасын қиды.