Таразда заманауи салтанат сарайының құрылысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Тараз қаласында соңғы үлгідегі 1 300 орындық ауқымды Салтанат сарайының құрылысы басталды. «Балауса» шағын ауданында бой көтеретін әлеуметтік нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері қатысты.