Ақыртастың аңызы мен ақиқаты
Ақыртасты Алып алаңғасар соғыпты. Тарихи орынның аңызы осындай. «Атлахтан Қозыбасыға дейін» тарихи-рухани экспедициясының екінші аялдамасы — Ақыртас болды. Талай дәуірдің таңбасын сақтаған алып кешен әлі де талай сырды ішіне бүгіп тұр. Тас қабырғалары мен таңғажайып құрылымы ғасырлар қойнауынан жеткен нысанның тарихын зерттеушілер ғасырдан астам уақыт бойы зерттеп келеді.