Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік салаға 14,4 трлн теңге бөлінеді

Әлеуметтік салаға 14,4 трлн теңге бөлінеді

Келесі жылы әлеуметтік салаға шамамен 14 жарым триллион теңге бөлінеді. Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған бюджет туралы заң қаралды. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, алдағы жылы кіріс 25 триллион 600 млрд теңге болады деген болжам бар. Ал шығыс биылғы жылмен салыстырғанда 2 жарым триллионға көп болуы мүмкін. Осыдан бір апта бұрын ғана Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы жиында аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет және спорт нысандарының құрылысына бюджет қаражаты жұмсалуы тиіс екенін айтқан еді. Демек, бұл - алдағы үш жылда негізгі басымдықтың бірі болады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар